Алматыда «Тау-кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту – Mining and Metals Central Asia 2019» 25-ші Орталық-Азиялық мерейтойлық көрме ашылды

Көрме тау-кен металлургиялық кешендері саласындағы жабдықтар, технологиялар мен қызметтерге арналған тематикалық бөлімдерді қамтиды, іскерлік бағдарламаның шеңберінде 20-дан астам іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр, әлемнің әртүрлі елдерінен 300-ге жуық компаниялар техникалық және технологиялық жаңалқтар мен ноу-хау алып келді. «Taý-Ken Samuryq» ұлттық тау-кен компаниясы юниорлық компанияларды қолдау бағдарламасын ұсынды. Бизнесті дамыту жөніндегі бас директор Нұрлан Саурамбаев юниорларға Taý-Ken Samuryq сияқты нарықтың ірі қатысушыларымен ынтымақтасу неліктен пайдалы екендігін, бағдарламаға қандай компаниялар қатыса алатындығын және оны іске асыру барлық саланы дәйекті дамытуға жәрдемдесетіндігін егжей-тегжейлі баяндады. Ұлттық компания юниорлық компанияларды қолдау бағдарламасына бастамашылық жасаған: Taý-Ken Samuryq геологиялық барлауға бағытталған жобаларды 5 млн. доллардан 100 млн. долларға дейін инвестицялауға дайын екендігін естеріңізге саламыз.

321434cb881b72207f356f28ba466143.jpg