7–8 ақпан аралығында елордада ұйымдастырылған спорттық іс-шараға 2 мыңға жуық адам — қатысушылар мен жанкүйерлер жиналды. Биылғы Спартакиадаға Қор құрамындағы 20 компанияның командалары қатысты.
Жарыстар Италияда өтетін Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында өткізілді.
Барыс-Арена стадионында хоккей турнирі ұйымдастырылды, ал Орталық саябақта 500-ге жуық адамның қатысуымен жаппай шаңғы жарысы өтті. Сонымен қатар, қайырымдылық аймақтары жұмыс істеді: қатысушылар мұқтаж отбасылар үшін заттар жинап, жануарлар паналайтын орындарға көмек көрсетті және саябақ аумағына орнатылатын ұяшықтар жасады.