«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы тікелей интеграцияланған компания болып табылады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы қаулысына сәйкес құрылған.
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» AҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялары тобына кіреді. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» AҚ «Glencore International» компаниясының әріптесі болып табылады және «Қазцинк» ЖШС жарғылық капиталына 29,82% қатысу үлесіне иелік етеді.
Біздің даму стратегиямыз
2023 жылы Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2024-2033 жылдарға арналған Даму стратегиясы өзектендірілді.
Миссия
Үздік серіктестер мен технологияларды тарта отырып, елдің жер қойнауының әлеуетін ашу.
Пайым: жаһандық тау-кен өнеркәсібі үшін сенімді серіктес.
Біздің стратегиялық мақсаттарымыз:
- Инвестициялық тартымдылықты арттыру
- Сапалы портфельді қалыптастыру
- ESG принциптерін енгізу