Бүгін «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлыбританияның Сындық минералдарды барлау орталының (CMIC) директорымен кездесіп, оған Ұлттық тау-кен компаниясы іске асыратын жобаларды таныстырды

Сындық минералдарды барлау орталы (CMIC) Ұлыбританияны алдағы онжылдықтарда ел экономикасының нөлдік шығарындыларға көшуіне қажетті пайдалы қазбалар мен металдарды уақтылы және тұрақты жеткізумен қамтамасыз ету үшін 2022 жылы құрылған.

Сындық минералдар экономика үшін маңызды болғанымен, елді осы минералдармен қамтамасыз ету бөлігінде белгілі тәуекелдер де бар. Британдық сындық минералдар тізіміне кремний мен вольфрам кіреді. Осыған байланысты CMIC үшін Тау-Кен Самұрықтың: кремний өндірісі – Tau-Ken Temir, вольфрам кен орны – Солтүстік Қатпар мен Жоғарғы Қайрақты екі жобасы қызығушылық тудырып отыр.

Бахыт Чирчикбаев пен Пол Ласти кремний өндірісі мен вольфрамды кен орындарының дамытудың мүмкін болатын ынтымақтастығы туралы талқылады. Ласти мырза CMIC жоғары шектегі өнімдерді шығаруға ұмтылатын қазақстандық өндірушілерді қолдауға мүдделі екенін атап өтті.