Digital Almaty 2024

Алматыда Digital Almaty 2024 – «Industry X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» VI цифрлық форумы басталды. Халықаралық сарапшылар, ШЫҰ және ЕАЭО елдерінің мемлекет қайраткерлері, салалық көшбасшылар мен кәсіпкерлер, IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлар 3 күн бойы GovTech, Индустрия 4.0, ESG, Smart City өнеркәсіптері мен инновациялық шешімдерінің цифрлық трансформациясы мәселелерін талқылайды.

«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты форумда «Қауіпсіз өндіріс» ақпараттық жүйесін енгізу тәжірибесін таныстырды.

«Тау-Кен Алтын» ЖШС-ның ақпараттық қауіпсіздік офицері Кенесары Бүтімбаевтың айтуынша, қазақстандық IT-мамандардың әзірлегендері өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету процестерін автоматтандыру мәселесін кешенді шешуге cептігін тигізеді.

Өндірістік бақылаудан басқа, «Қауіпсіз өндіріс» жүйесі оқыту, техникалық куәландыру және жабдықтарды сараптау процестерін, рұқсат нарядтардың электрондық есебін, экологиялық аспектілерді және т.б. бақылауға мүмкіндік береді.