
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 2025 жылғы 23 мамыр («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының № 23/25 шешімі)
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 1949 жылғы 15 қараша
Білім:
1972 жыл ‒ В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты (Тау-кен инженері)
1985 жыл ‒ Алматы жоғары партия мектебі (Саясаттанушы)
1998 жыл ‒ Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (Заңгер)
Еңбек қызметі:
1972 жылғы қазан – 1974 жылғы сәуір ‒ Жезқазған шахта ұңғылау тресінің № 65 шахтасының жерасты тау-кен шебері, Жезқазған қаласы
1974 жылғы сәуір – 1976 жылғы сәуір ‒ Жезқазған шахта ұңғылау тресінде комсомол комитетінің хатшысы, Жезқазған қаласы
1976 сәуір – 1977 жылғы сәуір ‒ ЛКЖО Никольск қалалық комитетінің хатшысы, Қазақстан, Жезқазған облысы
1977 жылғы сәуір – 1980 жылғы тамыз ‒ ЛКЖО Никольск қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан, Жезқазған облысы
1980 жылғы тамыз – 1983 жылғы қыркүйек ‒ Қазақстан Компартиясы Жезқазған облыстық комитетінің ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің нұсқаушысы
1983 жылғы қыркүйек – 1985 жылғы мамыр ‒ Алматы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы
1985 жылғы мамыр – 1986 жылғы қазан ‒ Жезқазған облысы Қазақстан Компартиясы Жезді аудандық комитетінің екінші хатшысы
1986 жылғы қазан – 1989 жылғы наурыз ‒ Жезқазған облысы Қаражал қалалық халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінің төрағасы
1989 жылғы наурыз – 1990 жылғы наурыз ‒ Қазақстан Компартиясы Жезқазған облыстық комитетінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі
1990 жылғы наурыз – 1991 жылғы маусым ‒ Қазақстан Компартиясы Жезқазған қалалық комитетінің бірінші хатшысы
1991 жылғы маусым – 1991 жылғы қараша ‒ Жезқазған облыстық Жезқазған қалалық халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінің төрағасы
1991 жылғы қараша – 1995 жылғы желтоқсан ‒ Жәйрем-Атасу еркін экономикалық аймағының Әкімшілік кеңесінің төрағасы, Жезқазған облысы, Қаражал қаласы
1995 жылғы желтоқсан – 1999 жылғы қараша ‒ Бірінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
1999 жылғы желтоқсан – 2004 жылғы қыркүйек ‒ Екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжіліс төрағасының орынбасары, Астана қаласы
2004 жылғы қыркүйек – 2005 жылғы тамыз ‒ Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, Астана қаласы
2005 жылғы қараша – 2011 жылғы қараша ‒ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары, Астана қаласы
2013 жылғы қаңтар – 2016 жылғы наурыз ‒ «ҚазМұнайГаз» ҰК Басқарма төрағасының кеңесшісі, Астана қаласы
2016 жылғы мамыр – 2018 жылғы мамыр ‒ «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚҚ Басқарма төрағасының орынбасары
Қоса атқарылған жұмыс пен ДК мүшелігі:
- «Қазақстандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
Компанияның акцияларына иелік ету: иелік етпейді
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.