Investor Exchange PDAC

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясының өкілдері Торонтодағы (Канада) Investor Exchange PDAC форумына қатысты. PDAC – пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі дүниежүзілік конвенция. Жыл сайын өткізілетін төрткүндік конгресс тау-кен металлургиясы саласындағы бизнес, инвесторлар мен сервистік компаниялар арасында өзара іс-қимыл жасау және байланыс орнату алаңы болып табылады. Делегаттардың өкілділігі мен географиясы (әлемнің 135 елінен 25 мыңнан астам адам) осы конгресстің іскерлік әлемдегі ауқымдылығы мен маңыздылығын көрсетеді.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқармасының Төрағасы Қанат Құдайберген Cerba Eurasia PDAC сессиясына қатысты, ол ұлттық компанияның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды, қолданыстағы және келешектегі жобалары туралы айтты.

af3d2e4e547435b997aa6906d43b401b.jpg

Форум шеңберінде Қанат Құдайберген бірқатар әлеуетті әріптестермен іскерлік кездесулер өткізді , атап айтқанда, Forbes&Manhattan банкінің өкілдерімен сирек кездесетін және сирек жер металдары саласындағы жаңа жобаларды талқылады. Сондай-ақ Altair Resources, CitiBank и Bank of Montreal компаниялары өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.