Кадрлық резерв

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ Сабақтастық бағдарламасы «Самұрық-Қазына» АҚ Кадр саясатына және «Тау-Кен Самұрық» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Кадр резервімен жұмысты қалыптастыру және ұйымдастыру қағидасына сәйкес әзірленді.

Қоғамның миссиясына және болжамына қол жеткізу, Қоғамның қызметінде үздіксіздікті және сабақтастықты қамтамасыз ету үшін маңызды бәсекелестік артықшылықтарды дамытуды, оның ішінде басшылық және басқару тұрғысындағы кадр резервінің болуын болжамдайды.

Қоғамдағы сабақтастықты жоспарлау бағдарламасын іске асыру, мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • кәсіби стандарттар негізінде, Қоғамдағы лауазымдарға біліктілік талаптарын әзірлеу;
  • Қоғам қызметкерлерінің дербес даму жоспарын есепке ала отырып, білім беруді және біліктілікті көтеруді басқару;
  • кадр резервін басқару мен сабақтастықты жоспарлау.

Кадр резервін құру жүйесінің қағидалары:

  • кадр резерві жүйесі басқарушы және басшы қызметкерлердің, құрылымдық бөлімшелер мен өндірістік бірліктер басшыларының деңгейін қамтиды;
  • жүйе ерте кезеңде біліктілігі жоғары қызметкерлердің кәсіби дамуын анықтайды, олардың мансаптық жолмен өзін-өзі іске асыруын, басқарушы және басшы тұғырларға арналған басымдықтарды жобаларға енгізуді қамтамасыз етеді;
  • жүйе талантты қызметкердің барлық баспалдақтан өтуіне және Қоғамның топ-менеджері болуға (сатылы интеграция) мүмкіндік жасайды, кадр резерві барлық компаниялардың жалпы актісі (көлбеу интеграция) болып табылады.

Кадр резервін қалыптастыру процесінің кезеңдері:

  • маңызды ұстанымдар тізбесін жоспарлау, жабу мерзімін және резервтегілер санын болжау;
  • резервті іріктеу (кандидаттар пулін құру, бағалау процедураларын жүргізу, резерв тізбесін бекіту;
  • резервтегілер үшін мансапты ұзақ мерзімдік жоспарлау, маңызды ұстанымдарды орналастыруды жоспарлау, резервтегілерді оқыту және дамыту, олардың жобалық жұмыстарға қатысуы;
  • өндірістік нәтижелілікті бағалау және резервтегілерді дамыту мақсатына жету;
  • резервтегілерді тағайындау және оларды лауазымға енгізу.

Жоғарыда көрсетілген процедуралар негізінде Қоғамдағы, басшы және басқарушы қызметкерлері тұғырына сабақтастықтың жедел және ұзақ мерзімдік жоспары бекітіледі.

2014 жылғы бірінші жарты жылдық нәтижелері бойынша, мынадай қорытындылар келтірілді:

Персоналды іріктеу

Кадрлық резерв жұмысы бойынша (КР)