​Корпоративтік басқарудың жаңа кодексінін енгізу

Семинар «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің және «ПрайсУотерхаусКупер» Еуразия бойынша Басқарушы серіктесі Альпер Акдениздің қатысуымен өткізілді. Аталған Кодекстің жаңа редакциясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі №239 Қаулысымен бекітілді. Кодекстің мақсаты Қорда және ұйымдарда корпоративтік басқаруды жетілдіру, басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету, Қордың және ұйымдардың тиісті корпоративтік басқару стандарттарын басшылыққа алуға бейілділігін растау болып табылады.

Семинарға қатысушылардың кездесуі аясында жаңа Кодекстің талаптарына, сондай-ақ оны енгізудің негізгі кезеңдеріне сараптама жүргізілді. Кодексті енгізудің кезеңдерінің бірін жүзеге асыру барысында семинарда «Тау-Кен Самұрық» АҚ Gap-талдау нәтижелеріне және сәйкессіздіктің түйінді салаларына, сондай-ақ оларды жою бойынша шараларға шолу жүргізілді.

 

730d1c053379e7cc6dd931422999859b.JPG

b64f6a1a987cc8f518ccd3359f5474f1.JPG

Әлемдегі соңғы трендтерді ескере отырып әзірленген «Самұрық-Қазына» АҚ жаңа Корпоративтік басқару кодексі Трансформация бағдарламасының ұзақ мерзімді құнды арттыру және орнықты дамыту сынды маңызды міндеттеріне бағытталған.

Аталған Кодексті енгізу аясында, Кодекске сай «Тау-Кен Самұрық» АҚ ішкі құжаттарын өзектендіруді қарастыратын корпоративтік басқару жүйесін жетілдірудің Орта мерзімді Бағдарламасын әзірлеу жоспарлануда.