«Тау-Кен Самрук» ҰТК» АҚ-та компания қызметкерлеріне арналған «Іс қағаздарын жүргізу және құжат айналымын мемлекеттік тілде жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында құжаттарды мемлекеттік тілде сауатты рәсімдеудің практикалық мәселелері қарастырылды. Қатысушылар қолданыстағы тілдік және құқықтық нормаларды сақтай отырып, ішкі және сыртқы құжаттарды дайындау ерекшеліктерін талқылады.
«Тау-Кен Самрук» компаниясында құжат айналымы екі тілде қатар жүргізіледі, бұл терминдердің дұрыстығын және құжаттарды рәсімдеудің бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етуде жүйелі тәсілді талап етеді.
Осындай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құзыреттілігін арттыруға және іскерлік қарым-қатынастың корпоративтік мәдениетін жетілдіруге бағытталған.