2024 жылғы 24 қаңтарда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтіп, оның аясында келесі мәселелер қаралды:
- «East Copper» ЖШС-дағы «Қазгеология» АҚ үлесінің 25%-ын сату жөніндегі мәміленің тәсілін, бағасын және негізгі шарттарын бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ға тиесілі «Tau-Ken Temir» ЖШС-ға және «Silicon mining» ЖШС-ға 100% қатысу үлесінің бастапқы/ең төменгі құнын, іске асыру шарттарын және бәсекелес ортаға беру үлесі мен тәсілін бекіту туралы.
- Р.А. Ақбердинді «Tau-Ken Temir» ЖШС-ның бас директоры лауазымына жаңа мерзімге сайлау туралы.
- «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы» жеке қоры арқылы ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру жөніндегі жыл сайынғы келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын мақұлдау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Комплаенс-офицерінің 2023 жылғы 4-тоқсандағы қызметі мен сыйақысы туралы есепті қарау.
- 2024 жылға арналған «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Комплаенс-офицерінің жылдық жұмыс жоспары мен мақсаттар картасының жобаларын қарау және бекіту.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ және оның басшысының 2023 жылғы 4-тоқсандағы қызметі туралы есепті және Ішкі аудит қызметінің жұмысын бағалау туралы есепті қарау.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы».
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Корпоративтік хатшысының 2024 жылға арналған мақсаттарын бекіту туралы.
2024 жылғы 22 ақпанда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтіп, оның аясында келесі мәселелер қаралды:
- 2023 жылғы корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есепті, 2023 жылғы орнықты дамуды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есепті, 2023 жылғы ESG рейтингін алу жөніндегі жол картасының орындалуы жөніндегі есепті және 2025 жылы ESG рейтингін алу жөніндегі іс-шаралардың бірыңғай жол картасын бекіту туралы есепті қарау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ 2023 жылдың 2-жартыжылдығындағы ақпаратты процестерінің ашықтығы мен тиімділігі жөніндегі есепті қарау.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2023 жылғы 4-тоқсандағы тәуекелдері бойынша шоғырландырылған есебін бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық «ҰТК» АҚ-ның Адам құқықтары саласындағы саясатын қарау және бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің, Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің, Корпоративтік хатшысының 2023 жылғы қызметін бағалау нәтижелері бойынша есепті қарау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Корпоративтік хатшысының есебін қарау және 2023 жылғы 4-тоқсанның қорытындысы бойынша қызметті бағалау туралы.
- «Тау-Кен Алтын» ЖШС-ның Байқау кеңесінің мүшесін сайлау және «Тау-Кен Алтын» ЖШС-ның Байқау кеңесінің сандық құрамын ұлғайту туралы.
2024 жылғы 28 наурызда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, оның аясында келесі мәселелер қаралды:
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту туралы.
- 2023 жылдың 12 айы үшін «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» ақ 2023-2027 жылдарға арналған бизнес-жоспарының (даму жоспарының) орындалуы туралы есепті қарау.
- «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы « акционерлік қоғамы жұмыскерлерінің жалпы санын және ұйымдық құрылымын жаңа редакцияда бекіту туралы.
- Өндіріс жөніндегі бас директор – «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшесі А. С. Оржановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
- Өндіріс жөніндегі бас директорды – «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшесін сайлау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесіне есеп беретін жұмыскерлердің лауазымдық жалақыларын қайта қарау туралы.
- «Қазгеология» АҚ бас директорының міндеттерін жүктеу туралы.
- «Акмолит» ЖШС, «Топаз-НС» ЖШС, «Мархит» ЖШС директоры М.А. Дербісәлиевті жаңа мерзімге тағайындау туралы.
- Ішкі аудит қызметінің басшысы Г.О. Дауылбаеваны жаңа мерзімге тағайындау туралы.
- 2014 жылғы 5 маусымдағы «Kazzinc Holdings» ЖШС Құрылтай шартына қосымша келісім жасасу мәселесі бойынша «Kazzinc Holdings» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының құзыретіне жататын қызмет мәселелері бойынша «Kazzinc Holdings» ЖШС қатысушысы ретінде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның ұстанымын айқындау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның тәуекелдерді басқару қағидаларына (корпоративтік стандарт) өзгерістерді бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Ішкі аудит қызметін дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы есебін қарау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшелерінің кейбір мәселелері туралы.
2024 жылғы 15 сәуірде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өтіп, оның аясында «Жаңа редакциядағы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ төрағасы мен Басқарма мүшелерінің лауазымдарын сипаттауды, лауазымдарын бағалауды (грейдтер) бекіту туралы» мәселе қаралды.
2024 жылғы 25 сәуірде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтіп, оның аясында келесі мәселелер қаралды:
- «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының 2024-2025 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру бойынша жол картасын бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқармасы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның еншілес ұйымдардағы Директорлар кеңесінің/Байқау кеңесінің құрамын қалыптастыру бойынша қағиданы бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның еншілес ұйымдардағы Директорлар кеңесінің/Байқау кеңесінің құрамын қарау туралы.
- 2024 жылғы 1-тоқсан үшін «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның тәуекелдер жөніндегі шоғырландырылған есебін бекіту туралы.
- 2024 жылғы 1-тоқсан үшін «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Ішкі бақылау қызметінің және оның басшысының қызметі туралы есепті және қызметін бағалау туралы есепті қарау.
- 2024 жылғы 1-тоқсан үшін «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Комплаенс-офицерінің қызметі туралы есепті қарау.
- 2024 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның корпоративтік хатшысының есебін қарау және қызметін бағалау.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқармасының сандық құрамын анықтау туралы.
2024 жылғы 30 мамырда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өтіп, оның аясында келесі мәселелер қаралды:
- 2024 жылдың 3 айы үшін «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2024-2028 жылдарға арналған бизнес-жоспарын (даму жоспарын) орындау туралы есепті қарау.
- «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының 2023 жылғы қызметінің қорытындылары туралы жылдық есепті қарау туралы.
- Жаңа редакциядағы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарын басқару регламентін бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2023 жылғы Кадр саясатын жүзеге асыру барысы туралы есепті қарау туралы.
- «Саус Урал Ресорсиз» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының құзыретіне жататын қызмет мәселелері бойынша «Саус Урал Ресорсиз» ЖШС-ның қатысушысы ретінде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның ұстанымын анықтау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2024 жылға арналған контрагент-банктерге баланстық және баланстан тыс міндеттемелер бойынша ішкі лимиттерін бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Комплаенс-офицері туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Корпоративті хатшысын жаңа мерзімге тағайындау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері құрамынан дауыс беру құқығынсыз сарапшыны шығару туралы.
- 2023 жыл үшін «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ұстанымдарын сақтау/сақтамау туралы есепті қарау туралы.
2024 жылғы 25 шілдеде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, оның шеңберінде мынадай мәселелер қаралды:
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2024-2033 жылдарға арналған кадр саясатын жаңа редакцияда бекіту туралы;
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ және оның еншілес ұйымдарының таланттарын басқару қағидаларын жаңа редакцияда бекіту туралы;
- «Акмолит» ЖШС, «Топаз-НС» ЖШС, «Мархит» ЖШС директоры М.А. Дербісалиевті жаңа мерзімге тағайындау туралы;
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2024 жылғы 2-тоқсандағы тәуекелдері бойынша шоғырландырылған есебін бекіту туралы;
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Комплаенс-офицерінің 2024 жылғы 2-тоқсандағы қызметі туралы есепті қарау;
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның және оның басшысының 2024 жылғы 2-тоқсандағы қызметі туралы есепті және Ішкі аудит қызметінің қызметін бағалау туралы есепті қарау;
- Қызметтің түйінді көрсеткіштерін орындау негізінде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшелерінің 2023 жылғы қызметін бағалау туралы;
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ еншілес ұйымдарының Байқау кеңестерінің жаңа құрамдарын сайлау туралы;
- 2025 жылы ESG рейтингін алу бойынша бірыңғай жол картасының орындалуы жөніндегі 2024 жылғы 1-жартыжылдықтағы есепті қарау туралы;
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Корпоративтік хатшысының есебін қарау және 2024 жылғы 2-тоқсанның қорытындылары бойынша қызметті бағалау;
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Ішкі аудит қызметінің аға аудиторы бос қызмет орнына кандидатураны қарау туралы.
2024 жылғы 15 тамызда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, оның шеңберінде мынадай мәселелер қаралды:
- Қостанай облысында Ақбұлақ геологиялық барлау жобасын іске асыру үшін «Қазгеология» АҚ мен «Cove Kaz Capital Group LLC» бірлескен кәсіпорнын құруды көздейтін LFP жобасын мақұлдау туралы;
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның «Tau-Ken Temir» ЖШС және «Silicon Mining» ЖШС жарғылық капиталындағы 55% қатысу үлесін Metaleen Investments Holdings LLC және TSP Alüminyum Anonim Şirketi құрамындағы консорциумның пайдасына сату жөніндегі мәміле шеңберінде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ мен Metaleen Investments Holdings LLC арасында құрылтай шарттарын жасасу туралы.
2024 жылғы 29 тамызда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, оның шеңберінде мынадай мәселелер қаралды:
- Қоғамның 2024-2028 жылдарға арналған Бизнес-жоспарының (Даму жоспарының) 2024 жылғы 6 айдағы орындалуы туралы есепті қарау;
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшелері қызметінің мотивациялық түйінді көрсеткіштерін және олардың жаңа редакциядағы 2024 жылға арналған нысаналы мәндерін бекіту туралы;
- «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ Директорлар кеңесiнiң құрамын, тәуелсiз директорларға кандидаттарды қарау және тәуелсiз директорлар үшiн сыйақы белгiлеу туралы;
- «Tau-Ken Temir» ЖШС және «Silicon mining» ЖШС Байқау кеңестерінің құрамына кандидатураларды келісу туралы;
- 2024 жылғы 1-жартыжылдықтағы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ ақпаратын ашып көрсету процестерінің ашықтығы мен тиімділігі туралы есепті қарау туралы;
- «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2024 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарына өзгерістер енгізу туралы;
- «SK Water Solutions» ЖШС қызметiнiң кейбiр мәселелерi туралы;
- К.К. Ирубаевтың «Bolashaq Investment Ltd» жеке компаниясының Директорлар кеңесі құрамындағы Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қызмет атқаруын мақұлдау туралы;
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамына өзгерістер енгізу туралы;
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымының сипаттамасын бекіту туралы.
2024 жылғы 10 қыркүйекте «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, оның шеңберінде мынадай мәселелер қаралды:
- «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ Бас директорының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы;
- «Тау-Кен Алтын» ЖШС директорының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы;
- «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-ның бас директорын тағайындау туралы.
2024 жылғы 04 қазанда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің жеке отырысы өтті, оның шеңберінде мынадай мәселелер қаралды:
- Консультациялық қызметтердің баптары арасында консультациялық қызметтерге бекітілген лимит ішінде (сынып ішінде) бюджетті қайта бөлу туралы;
- Жаңа редакциядағы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Корпоративтік басқару кодексін мақұлдау туралы;
- 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 5689-ТПИ келісімшарт бойынша түсті және асыл металдарды барлауға арналған учаскеден бас тарту (қайтару) жолымен Қостанай облысының Арго алаңында түсті және асыл металдарды барлау жөніндегі жобадан «Қазгеология» АҚ-ның шығуы туралы;
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның контрагент банктерге баланстық және баланстан тыс мiндеттемелер бойынша 12 ай мерзiмге қосымша iшкi лимиттерiн бекiту туралы;
- «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2024 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарына өзгерістер енгізу туралы;
- Әмір Мұратұлы Төлегеновті «Солтүстік Қатпар» ЖШС-ның бас директоры қызметіне тағайындау туралы;
- Қайрат Апрелұлы Ордабаевты «Алайғыр» БК» ЖШС-ның бас директоры қызметіне тағайындау туралы;
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ комитеттері туралы ережелерді жаңа редакцияда бекіту туралы.