«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ мен оның еншілес ұйымдары: «Тапсырыс берушілер» деп аталатын «Тау-Кен Алтын» ЖШС, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ, «Алайғыр» БК» ЖШС 2025-2029 жылдарға аудиторлық қызмет көрсету үшін Аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға шақырады, олардың толық сипаттамасы Аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салуда көрсетіледі.

Аудиторлық ұйымды таңдау рәсімі жүзеге асырылатын Тапсырыс берушілер туралы қосымша мәліметтерді қатысушылардың уәкілетті өкілдері құпиялылық туралы келісімге қол қойғаннан кейін 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ к-сі, 17/10-үй, 7-қабат мекенжайы бойынша электронды немесе қағаз жеткізгіштерде ала алады.

Қатысушылардың ресми конкурстық ұсыныстары қағаз (2 данада) және электрондық жеткізгіштерде желімделіп, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10-үй, 7-қабат мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі бойынша 2025 жылғы «28» наурыздан бастап 2025 жылғы «17» сәуірге дейінгі мерзімде сатып алуды ұйымдастырушыға жіберілуі тиіс күндер сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін.