ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ СПАССК МЫС РУДАЛЫ АЙМАҒЫН ИГЕРУГЕ ӘЛЕУЕТТІ ӘРІПТЕСТІ ІЗДЕСТІРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

Қазақстан Республикасының заңнамалық процедураларында қаралуына сәйкес, Қоғамға Қарағанды облысындағы Спасск рудалы аймағының мысын, алтынын және ілеспе компоненттерін барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығы берілді. Қазіргі уақытта, келісімшартты рәсімдеу аяқталып келеді. Осыған байланысты, жоғарыда аталған кен орнын бірлесіп игеру мақсатында Қоғам, стратегиялық серіктесті (бұдан әрі – Серіктес) іздестіру мен іріктеу жүргізуде.
Спасск мыс рудалы аймағы әкімшілік тұрғыдан Қарағанды облысында орналасқан, жалпы ауданы 12 584,11 км2 құрайды. Спасск мыс рудалы аймағы, шамамен 150 кен біліну және минералдану нүктелері, сондай-ақ сегіз кен орны ерекшеленетіншекте, 10 кен торабынан құрылған.
Тұтастай алғанда, Спасск мыс рудалы аймағы мысының жалпы болжамды мысы С2, Р1 және Р2 категориялары бойынша шамамен 1974,8 мың тонна, оның ішінде Бұрнақ кен торабы бойынша – 400 мың тонна, Көктас-Шарықты кен торабы бойынша – 290 мың тонна, Спасск бойынша – 60 мың тонна, Қызылшоқы-Көктал (Горново Пирамидасы, Чили-Узек)– 256,0 мың тонна, Алтынтөбе – 290,0 мың тонна, Қажықонған-Нұрқазған –353,0 мың тонна, Шайтанды – 170,8 мың тонна және Көктас-Жартасы – 155,0 мың тонна ьолып бағаланады.
Мұның сыртында, эпитермальды алтын-күміс кен орнын анықтау күтіледі, болжамды ресурсы Р3 категориясы бойынша 10-15 тонна алтын және 100-150 тонна күміс болып бағаланады.
Спасск мыс рудалы аймағы инвестициялық жобасын Қоғаммен бірлесіп игеруге қызығушылығыңыз туындаған жағдайда, 2012 жылғы 01 желтоқсанға дейінгі мерзімде, қызығушылығыңыз туралы ақпаратты, мынадай параметрлерді міндетті түрде көрсете отырып жолдауды сұраймыз:
Бірлескен кәсіпорындағы Серіктес пен Қоғамның үлесін бөлу ұсынысы;
Жобаны қаржыландыру көзі (Қоғам/Серіктес/басқа да көздердің қаражаты);
Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға және оны бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталына табыстауға байланысты Қоғамның шығындарын өтеу (егер, осындай өтеу көзделген жағдайда);
Стратегиялық серіктестің Қоғам пайдасына бонус (кейінге қалдырылған төлемді) төлеуі (егер, осындай төлем көзделген жағдайда);
Кен орнын барлауға/өндіруге ұсынылатын қазіргі заманғы технологиялар;
Серіктестің әлеуетті артықшылығын қамтамасыз ететін өзге де ұсыныстар.
Осымен бірге, Серіктестің тәжірибесін, білімін және мүмкіндігін растайтын, Серіктестің қызметі туралы түсаукесер және/немесе бизнес-жоспар түріндегі ақпараттарды ұсыну, қосымша артықшылық болып табылатындығын хабарлаймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Инвестициялық жобалар департаметіне жүгінуді сұраймыз, байланыстағы тұлға – Дүкенова Маржан, тел.: +7 7172 55 95 24, e-mail:m.dukenova@tks.kz