Жұмыскерлердің денсаулығын қорғау және өндірістегі қауіпсіздік Қоғамның басты басымдығы. Біз қауіпсіздікті басқару саласындағы ең жоғары стандарттарға ұмтыламыз және өндірісте «Vision Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын қабылдадық.
Қоғам «Самұрық-Қазына» АҚ өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған стратегиясының» талаптарын іске асыруға ұмтылады. Осы Стратегияның белгіленген нысаналы мәндеріне қол жеткізу үшін Қоғам мынадай бағыттарда жұмыс істейді:
- Адамдар және қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру;
- Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- Төтенше жағдайлардың алдын алу;
- Ақпараттық-түсіндіру жұмысы.
Қоғам жұмыс алаңдарын қоса алғанда, Тапсырыс берушінің (Қоғамның) аумағында мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормаларын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылауды жүзеге асырады. Бұл жұмыс Мердігерлік, еншілес және тәуелді ұйымдарды басқару стандарттарымен регламенттеледі.
Өндірістік қатынастарды дамыту, жұмыс орнында зорлық-зомбылықтың барлық нысандарына (физикалық, экономикалық, психоэмоционалдық) қолайлы еңбек жағдайлары мен нөлдік төзімділікті қолдау, ішкі коммуникацияларды дамыту және мердігерлік ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында Өндірістік қатынастарды дамыту жөніндегі стандарттар (Industrial Relasions) енгізілді. Сондай-ақ Қоғамның және еншілес ұйымдардың өндірістік объектілерінде қауіпсіздіктің мінез-құлық аудитін жүргізу жөніндегі стандарттар қолданылады.
Еншілес ұйымдарда авариялардың алдын алу және жазатайым оқиғаларға жол бермеу жөніндегі іс-шараларды Қоғам бекітілген «2024 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес жүргізеді. 2023-2024 жылдары Қоғамда, еншілес және тәуелді ұйымдарда өндіріспен байланысты жазатайым оқиғалар мен ірі өнеркәсіптік авариялар тіркелмеген.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында еншілес ұйымдарда үш тақырыптық кеңес және үш айқаспалы өндірістік қауіпсіздік аудиті, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ және «Тау-Кен Алтын» ЖШС болуы мүмкін аварияларды жою бойынша оқу-жаттығу сабақтары ұйымдастырылды. «Қауіпсіздік балалар көзімен» атты балалар сурет конкурсы өткізілді.
Қоғамның екі жұмыскері 2024 жылы «IOSH Managing Safety» халықаралық сертификатын алды.