Қазақстан тау-кен саласының инвестициялық артықшылықтары

Ұлттық тау-кен компаниясының басшысы Қазақстан-Қытай Іскери кеңесінің отырысында баяндама жасады. Қанат Құдайберген Қазақстанның тау-кен секторы артықшылықтарына тоқталды. Бұл, атап айтқанда, табиғи ресурстарды ірі тұтынушылар Қытай және Ресеймен көршілестік, жақсы дамыған инфрақұрылым және қолайлы инвестициялық ахуал. «Тау-кен Самұрық» ҰТК» Басқармасының төрағасы Қазақстан тау-кен саласы тұтастай алғанда ішкі және сыртқы факторларға: ішкі нарықтағы және көршілес елдер тарапынан салыстырмалы жоғары деңгейдегі сұраныстың және металдар бағасының өсуінің оң үрдісі байқалатындығын атап өтті.