Қазақстанның тау-металлургия өнеркәсібінің V Съезіне қатысу туралы

2014 жылғы 21 қарашада «Тау-Кен Самұрық» АҚ Қазақстанның тау-металлургия өнеркәсібінің V Съезіне қатысты, ол тау-металлургия кешенін мемлекеттік және әлеуметтік қолдаудың барлық мәселесіне арналды .

V Съезге ҚР Мәжілісінің депутаттары, ҚР кәсіпкерлері ұлттық палатасының басшылығы, ҚР Инвестициялар және даму министрі, қазақстандық тау-металлургия компаниялары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Жезқазғантүстіметал» ӨБ, «Варваринское» АҚ пен «Евразийская Группа» ЖШС өкілдері қатысты.

Съезд делегаттары перспективалық, инновациялық идеялар мен жобалар бойынша тиімді сұхбат өткізуге мүмкіндік алды. Съездің пленарлық бөлігінде өзекті салалық мәселелер талқыланды және ТМК маңызды мәселелері бойынша бірлескен шешімдер қабылданды.