ҚР ПРЕЗИДЕНТІН.Ә.НАЗАРБАЕВ «ТАУ-КЕНАЛТЫН» ЖШС АФФИНАЖ ЗАУЫТЫНДА БОЛДЫ.
2011 ЖЫЛҒЫ ШІЛДЕДЕ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН «ӘЛЕУЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ БІРГЕ ҚҰРАМЫЗ!» ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ФОРУМДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АЛТЫН ӨНДІРІСІ ЖӨНІНДЕГІ ЗАУЫТТЫ САЛУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫН АТАП КӨРСЕТТІ
ҚР ПрезидентіН.Ә.Назарбаев «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытында болды.
2011 жылғы шілдеде Астана қаласында өткен «Әлеуетті Қазақстанды бірге құрамыз!» индустриалды-инновациялық форумда Мемлекет Басшысы алтын өндірісі жөніндегі зауытты салудың стратегиялық маңызын атап көрсетті, онда Үкіметке аффинаж зауытын салу тапсырмасын берді.
Жобаны іске асырудың стратегиялық мақсаты, мемлекетті аффинаж зауытында қымбат бағалы металдардан тұратын қазақстандық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау және еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады
Зауыт «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ – индустриалды парк аумағында орналасқан. Зауыт аумағының ауданы 3,4 га құрайды, зауыт ауданы – 6 900 кв.м. Жаңа жұмыс орындары саны – 74.
Аффинаж зауытының нақты жобалық қуаты жылына 25 тонна тазартылған алтын өндіруге есептелген. Жоба қымбат бағалы металдар саласындағы үздік әлемдік аналогқа сәйкес әзірленген. Тазарту технологиясын таңдау кезінде іріктеудің негізгі өлшемдерінің бірі, пайдаланылатын процестердің экологиялығы болып табылды. Осыға сәйкес, қымбат бағалы металдарды тазартудың технологиялық процесінде кешенді пайдаланылатын, электрохимиялық тәсіл технологиясы таңдап алынды, ол ең тиімді экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта зауыттың банк құймасы (стандартты және өлшемді50 грамнан бастап) және халықаралық нарыққа жіберілетін түйіршектер түріндегі қымбат бағалы металдарды тазарту жүргізуге мүмкіндігі бар.
Аффинаж зауытын одан әрі дамыту, жәдігерлік алтын және күміс бұйымдар мен техникалық мақсаттағы өнімдер өндірісін құруды көздейді. Тиісті жабдықтардың қолда болуы химия, медицина, автомобиль басқа да өнеркәсіп салалары, машина және аспап жасау кәсіпорындарын қымбат бағалы металдар бұйымдарымен, жартылай фабрикаттармен және құнды бағалы металдар құймасы анодымен, ұнтақпен, құнды бағалы торларымен, зертханалық материалдармен, кәдесыйлық және ескерткіш монеттермен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасай