Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жаңа қорғасын-мырыш тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды.

Болашақта байыту фабрикасы тұрғызылатын орынға құрылыс жұмыстарының басталуы іргесіне Шалқия ТБК қызметкерлеріне жолдау арналған «Уақыт капсуласын» салып, белгі қою рәсімімен салтанатты түрде өтті.

e9befb8c2cbb3cd70778b756834a774d.JPG

Құрылыстың салтанатты ашылу рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Күшербаев, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Алик Айдарбаев, «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясының Басқарма Төрағасы Қанат Құдайберген және ENGINEERING DOBERSEKGmbH мердігер компанияның бас директоры Альбин Доберсек қатысты.

e4d075b7b96835fefe3b4332e952ffe3.JPG

КБК жоғары сапалы мырыш және қорғасын концентраттарын шығаратын болады. Бұл өнімнің Қазақстанда, сонымен қатар әлемдік нарықтағы қажеттілігі елеулі деңгейде өткізу нарығына кепілдік береді.

Жобаның құны – 235 млрд. теңге, қазігі уақытта 35 млрд. теңге, оның ішінде, 2018 жылы – 12 млрд. теңгеден астам инвестиция игерілген.

Кен орынының дәлелденген қоры кенді 2051 жылға дейін өндіру және байыту мүмкіндігін көздейді.

«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-ның бас директоры Асқар Жаукенов «өнімділігі 2 млн. тоннаны құрайтын кешеннің 1-ші кезегін 2020 жылғы қазанда пайдалануға беру жоспарланып отыр, ал, қуаты 4 млн. тоннаны құрайтын кешеннің 2-ші кезегі өз жұмысын 2021 жылғы қарашада бастайды» деп хабарлады.

Жобаны іске асыру кезеңінде 1500 адам жұмыс орнымен қамтамаыз етіледі.

Өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін осы салынатын кәсіпорынның стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, Қызылорда облысының әкімдігі, «Шалқия Цинк» ЛТД» АҚ және ENGINEERING DOBERSEK компаниясы Шалқия КБК құрылысына байланысты мәселелерде бір-біріне өзара қолдау көрсету туралы келісті және тиісті меморандумға қол қойды.

486620423a470b8dde56ed4174d23341.JPG

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: Бірегей техникалық және технологиялық шешімдер жоғары өнімділікті және энергиялық шығындардың азаюын қамтамасыз етеді. Мысалы, кенді ұсатудың бірінші кезеңі жер астында жүзеге асырылады. Шикізатты шахтадан жер бетіне тиімділігі жоғары, биіктігі 200 м тік конвейер (Қазақстанда мұндай құрылғы болмаған) көтеретін болады.

ИНДУСТРИЯ 4.0. ЦИФРЛЫҚ КБК: «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-ның Жобаларды басқару жөніндегі басқарушы директоры Анатоий Лигайдың айтуынша – «автоматтандыру мен диспетчерлеудің жоғары деңгейі өндірістік цикл туралы ақпараттың онлайн қолжетімділігін, процессті және жабдықтарды қашықтықтан басқаруды қамтамасыз ететін болады. Бұл адами фактор әсерін төмендетеді және оның нәтижесінде КБК тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.».

Кен байытудың технологиялық схемасын әзірлеуге және оңтайландыруға әлемдегі танымал компаниялар «Механобр», «Outotec», «Engineering Dobersek», «ТОМС» қатысты.