«Самұрық-Қазына» АҚ-да халықтың табысын арттыру мәселелері талқыланды

Бүгін Қорда «Халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Үкімет мүшелері, сондай-ақ Қордың және оның портфельдік компанияларының басшылары, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Жиында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қордың өндіріс саласындағы жұмысшыларының жалақысын көтеру бойынша атқарылып жатқан шараларына тоқталды.

Қор тобында 258 мың адам жұмыс істейді, оның 92,4%-ы өндіріс қызметкерлері. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Қордың әртүрлі портфельдік компанияларындағы өндірістік персоналдың жалақысы 5%-дан 48%-ға дейін көтерілді. Бұл жерде төмен жалақы алатын жұмысшылар айлығы өскенін айта кеткен жөн.   «Тау-Кен Самұрық», «ҚазАтомӨнеркәсіп», «Қазақтелеком» және «Самұрық-Қазына Өндеу» компаниялары  2022 жылдың соңына дейін өндіріс жұмысшыларының жалақысын көтеруді жоспарлап отыр. Қор қызмет жеткізуші компаниялардың  жұмысшыларының да әділ еңбекақы алуына  мүдделі. Осыған орай, сатып алудың жаңа тәртібінде Қордан тапсырыс алатын мердігер компаниялардың жұмысшылары үшін ең төменгі жалақы шегіне қатысты талаптарды белгілейтін норма енгізілді. Өндіріс кәсіпорындарындағы қарапайым жұмысшылардың табысын арттырумен қатар, Қор өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта Қор жалпы құны 2,9 трлн теңгені құрайтын әлеуметтік маңызы бар 13 ірі жобаны жүзеге асыруда. Бұл жобалар батыс өңірлерді сумен қамтамасыз етуге, Алматы энергетикалық орталығын газдандыруға және теміржол көлігін дамытуға бағытталған. Жобалар жүзеге асқанда 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Қор үшін кәсіпорындарда қызмет ететін әрбір жұмысшының еңбек  қауіпсіздігі, жұмысынан үйіне аман-есен оралуы маңызды. 2021 жылы портфельдік компаниялар тобында жұмыста жарақат алғандардың саны 36%-ға төмендеді.  Қор халықаралық стандарт шеңберінде қауіпсіздік саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуді міндетіне алды. Сол себепті,  2022 жыл Еңбекті қорғау жылы болып жарияланды. Осы орайда  Холдинг компаниялары қызметкерлерді оқыту және дамыту бойынша үнемі жұмыс жүргізеді.

03.05.2022

Ақпарат көзі: https://sk.kz/press-center/news/73232/?lang=kz