«Самұрық-Қазына» қоры компанияларыныңсатып алулары туралы барлық мәліметтер енді мынадай бір қорға шоғырланған – www.skm.kz

Аталған ресурс бірыңғай ақпараттық алаң болып табылады, оған он-лайн режимінде Қор: Қазақстан теміржолы, Қазмұнайгаз, Қазатом өнеркәсібі, Самұрық-энерго т.б. ұйымдастыратын сатып алу туралы өзекті және шынайы ақпараттар орналастырылады.
Сайттың «Сатып алулар» модуліне өткізілген немесе өтетін сатып алу туралы хабарламалар, тендерлік құжаттамалар, ашу және қорытындыны шығару хаттамалары, сондай-ақ Қор компанияларының: бір көз, ашық тендер, бағалы ұсыныстар сұрату т.б. сатып алудың барлық тәсілдері жөніндегі процедураларды сүйемелдейтін өзге де ақпараттар орналасқан.
Енді жеткізушілер үшін Қор ұйымдарының 200-ден астам сайтын қарастырып шығу қажеттігі келмеске кетті.
Аталған сайттан ғана, яғни «Жоспарлар» модулінен Қордың 240-тан астам компаниясының жалпы көлемі 3 трлн. теңге және шамамен 375 000-дай тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ұласқан сұраныстарға қол жеткізуге болады. Сондай-ақ, Қор компанияларының жылдық және ұзақ мерзімдік жоспарларын көшіріп алуға мүмкіндік бар.
Тауарлар, жұмыстар және қызметтер Бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының бірегей коды бойынша (ТЖҚ БНА) бірнеше секунд ішінде тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қызықтыратын айқындамалары бойынша ақпараттар алуға болады.
Қажет болған жағдайда, компания атауы, сатып алу орны мен күні, бағасы сипатталған, өткізілген немесе жоспарланып отырған сатып алу туралы жедел хабарлама (атаулы тарату) почта жәшігіне келіп түседі.
Порталда Қор компанияларының сатып алу мәселелері жөніндегі өзге де көптеген пайдалы және қызықты ақпараттары берілген, олар: адал жеткізушілердің, отандық тауар өндірушілердің тізілімі, сатып алу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер және т.б.

Сіздерді Порталға тіркелуге және пайдаланушылар қатарына қосылуға шақырамыз.