«САМҰРЫҚ – ҚАЗЫНА» SAMRUK QYZMET БІРЫҢҒАЙ БОС ОРЫНДАР ПЛАТФОРМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Холдингтің барлық компаниялар тобына арналған бірыңғай бос орындар платформасы– Samruk Qyzmet – Қор компанияларының тобында бос орындарды іздестіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша цифрлық алаң болып табылады.

Веб-сайттың ресми мекенжайы https://Qsamruk.kz/.

«Taý-Ken Samuryq» ҰТК» АҚ бос орындары туралы https://qsamruk.kz/company/46 мекенжайынан қараңыздар.

Платформаны енгізу бос орынға берілген өтінімді қарау барысын қадағалау және «нақты уақыт режимінде» кері байланыс алу есебінен жұмысқа орналастыру процессінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, платформада Қордың компаниялар тобының әкімшілік және өндірістік лауазымдарына арналған барлық бос орындарына бірыңғай қолжетімділік бар, сондай-ақ, ол кандидаттарды таңдау уақытын қысқартады және рекрутер жұмысының процессін оңтайландырады.

Өткен жылы қабылданған Қордың жаңа кадрлық саясатының шеңберінде Қор Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов кандидаттарды іріктеудің ашықтығын көздейтін персоналды конкурстық іріктеудің бірыңғай рәсімдерін енгізу қажеттілігін атап өткен болатын.