Сатып алу номері: |
8409-IFT-48347 |
Ел |
Қазақстан |
Сектор |
минералды ресурстар |
Жоба номері |
48347 |
Қаржыландыру көзі |
ЕБРР |
Келісімшарт түрі |
Жобалар бойынша жұмыстар, қызметтер және тауарлар |
Хабарландыру түрі |
Алдын ала дәрежелеуге шақыру |
Жарияланған күні |
2016 жылғы 15 қыркүйек |
Жабылған күні |
2016 жылғы 04 қараша, сағат: 11:00 (жергілікті уақыт) |
Саудаға қатысушыларды алдын ала дәрежелеуге
іріктеуге қатысуға шақыру
Тау-күрделі жұмыстарды орындауға және кен шығару кешенін орнатуға арналған
құрылыс мердігерінің шарты
Осы саудаға қатысушыларды алдын ала дәрежелеуге іріктеуге қатысуға шақыру ЕБРР сайтында Сатып алу бөлімінде 2016 жылғы 4 мамырда орналастырылған (http://www.ebrd.com/work-with-us/procurement.html), осы жоба жөніндегі Сатып алу туралы жалпы хабарландыруға сәйкес шығарылды.
«Шалқия Цинк ЛТД» АҚ (бұдан әрі – «Тапсырыс беруші») займ беру тур туралы Еуорпалық қайта құру даму банкіне (бұдан әрі – «Банк») өтініш жасады және займ қаражатының бір бөлігін «Қазақстан Республикасының Қызылорда облысында байыту фабрикасын сала отырып, Шалқия полиметалл рудалы кен орнын өнеркәсіптік игеру» жобасын қаржыландыру үшін пайдалануға ниетті.
Тапсырыс беруші саудаға қатысу үшін компаниялар мен консорциумдарды кредит қаражатынан қаржыландырылатын мына шарттар бойынша алдын ала дәрежелеуге іріктеу жүргізуге ниетті:
Шалқия кеніші объектілері бойынша тау-күрделі жұмыстарды, сүйемелдеуші құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға арналған құрылыс мердігерінің шарт(тары)ы (бұдан әрі – Шарт(тар)), оның көлеміне мыналар кіреді:
(A)Лот 1 – тау-күрделі жұмыстарды орындау, оның ішінде:
-Көлбеу қазындылар құрылысы;
-Ұңғымаларды тереңдету;
-Уату-қайта өткізу кешенінің құрылысы;
-Көлденең қазындылар;
-4,5 м желдетпе шурфтар өтпесін қоса алғанда, сатылы қазынды;
-Камералық қазынды.
(B)Лот 2 – кен шығару кешенін орнату, оның ішінде:
-Уату жабдықтарын жеткізу және шеф-монтаждау;
-Шахталық конвейерлік жабдықтарды жеткізу және шеф-монтаждау.
Алдын ала дәрежелеу нәтижелері бойынша Тапсырыс беруші Лот 1 және Лот 2 бір Шарттың аясында немесе тиісінше жекелеген Шарттардың шеңберінде орындалатынына қатысты шешім қабылдайтын болады.
Қазіргі уақытта Тапсырыс беруші Жоба аясында Қызылорда облысындағы қоғасын-мырыш кен орны фабрикасының жабдықтарын жобалау, жеткізу және іске қосу шартымен салу бойынша Жұмыстарды сатып алудың жекелеген Шарты (бұдан әрі – «ЕРС келісімшарты», алдын ала дәрежелеудің сәйкестендіру номері: 8268-PRE-48347) үшін сатып алу процедураларын өткізуде. Шарт бойынша жұмыстарды орындау ЕРС келісімшартты орындаумен өзара тығыз байланысты.
Жұмыстарды орындау орны – Қазақстан Республикасының Қызылорда облысындағы Шалқия полиметалл рудалы кен орны.
Лоттар және объектілер бойынша барлық жұмыстарды аяқтау мерзімі:
Лот 1 – тиісті келісімшартқа қол қойылған күнінен бастап 2 жыл.
Лот 2 – тиісті келісімшартқа қол қойылған күнінен бастап 4 жыл.
ЕБРР қаражаты есебінен қаржыландырылатын шарттар бойынша алдын ала дәрежелеуге іріктеуге және саудаға қатысуға, кез келген елдің компаниялары мен компаниялар бірлестіктерінің (консорциумдар) құқығы бар.
Алдын ала білікті іріктеуге арналған құжаттарды төменде көрсетілген мекенжайдан алуға болады.
Алдын ала дәрежелеуге іріктеуге арналған құжаттамалар, PDF форматында қол жетімді. Жүктемеге кіруге қол жеткізу үшін Сіз, өзіңіздің өтінішіңізді мына электронды мекенжай бойынша жолдай аласыз:k.arshabekov@zinc.kz, a.sharapov@zinc. Өтінішке Саудаға қатысушыларды алдын ала дәрежелеуге іріктеуге қатысуға осы Шақыруға сәйкес үлгіде жасалған, құпия ақпараттарды жарияламау туралы және қатысушы қол қойған қолхат қоса тіркелуге тиісті. Алдын ала дәрежелеуге іріктеуге арналған құпия ақпараттарды жарияламау туралы құжаттар қол қойылмай ұсынылмайды.
Ақпарат беруге арналған өтініште Астана қаласында өткізу жоспарланып отырған түсіндіру кешіне өзіңіздің қатысу ниетіңізді және әзірлігіңізді көрсетуді сұраймыз.
Алдын ала дәрежелеуге іріктеуге қатысуға арналған өтініштер, мінсіз дәрежеде рәсімделіп, мына мекенжайға жеткізілуге тиісті: Қазақстан Республикасы, 050000 Алматы, Әл-Фараби даңғ., 7, 4А блок, 38-офис, 2016 жылғы 14 қазандағы сағат 11:00-ден кешіктірмеу (Алматы қаласы уақыты бойынша).
Осы мерзімнен кешігіп түскен құжаттар қабылданбауы және оқылмаған күйі қатысушыға қайтарылуы мүмкін.
Мүдделі компаниялар қосымша ақпараттар бере алады және саудаға қатысушыларды алдын ала дәрежелеуге іріктеуге арналған құжаттамамен танысып, оны мына мекенжай бойынша ала алады:
«Шалқия Цинк ЛТД» АҚ
Қазақстан Республикасы, 050000 Алматы, Әл-Фараби даңғ., 7, 4А блок, 38-офис
+7727 311 0624
+7727 311 0625
Байланыстағы адам: Коблан Аршабеков