Бүгін Астанада «Тау-Кен Cамұрық» ұлттық тау-кен компаниясының кеңсесінде Бизнесті дамыту жөніндегі бас директор Идрисов Данияр U.S. International Development Finance Corporation (DFC) сыртқы саясат жөніндегі вице-президенті Аквилина Брез Бетанимен келіссөз жүргізді.
DFC – бұл бүкіл әлем бойынша стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жеке капиталды тартатын АҚШ-тың мемлекеттік қаржылық даму корпорациясы.
Сұхбаттасушылар Тау-Кен Cамұрықтың инвестициялық, оның ішінде сыни минералдар саласындағы жобаларын қаржыландыру бөлігіндегі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.