«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы мен түрік D Mineral бірлескен геологиялық барлау жобасын бастайды

Геологиялық барлау тұрғысынан келешегі бар алаңдарды анықтағаннан кейін компаниялар бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр.

Мәміленің негізгі шарттары туралы келісімге бүгін Астанада ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шарханның қатысуымен Тау-кен Самұрықтың басшысы Бахыт Чирчикбаев пен D Mineral Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Ильхан Пойраз қол қойды.

Ильхан Пойраз D Mineral қазақстандық компаниялармен жан-жақты ұзақ мерзімді өзара ынтымақтастыққа бағытталғанын атап өтті.

Бахыт Чирчикбаев өз кезегінде ҚР СІМ мен Қазақстанның Түркия Республикасындағы Елшілігіне түрік серіктестерін іздеуге және олармен өзара әрекеттесуге көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Terms Sheet-ке қол қойылғаннан кейін Тау-Кен Самұрық және                            D Mineral болашақта геологиялық барлауға лицензия алу және бірлескен кәсіпорын құру жоспарланып отырған перспективалы алаңдарды іздеуге және зерделеуге кіріседі. БК болашағы алтын кен орындарын іздеуге бағытталатын болады. Түрік тарапы геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыруды өз мойнына алады.

Анықтама үшін: D Mineral Dimin Group холдингіне кіреді. Компанияның жарғылық капиталы 20 миллион АҚШ долларын құрайды. Қызметтің негізгі бағыты темір кені мен мыс өндіру.