Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ілияс Базылов «Taý-Ken Samuryq» ұлттық компаниясы мен «Тау-Кен Алтын» ЖШС жұмыскерлеріне 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы туралы айтып берді, сонымен қатар «Taý-Ken Samuryq» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Нұрлан Итемгенов те сөз сөйледі.

Әңгіме қысқа да нұсқа болды: ықтимал сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жауапкершіліктен бұлтартпастықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігі жөніндегі мәселелер талқылады, азаматтық қоғамның рөлін күшейту, уәкілетті органның қызметін жетілдіру және жалпы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру туралы әңгімелесті.