«Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты тазартылған алтынның алғашқы партиясын Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкіне жөнелтуді жүзеге асырды

2014 жылғы 2 сәуірде«Тау-Кен Алтын» ЖШС («Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының 100% еншілес ұйымы) аффинаж зауыты тазартылған алтынның алғашқы партиясын Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкіне жөнелтуді жүзеге асырды. Бірінші партияның көлемі 99,99% сынамалыстандарт банк құймасында шамамен 500 кг алтынды құрады, жалпы құны – 21 млн. АҚШ долларынан асады.

Бұрын, 2014 жылғы 14 наурызда «Тау-Кен Алтын» ЖШС пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында, мемлекеттік активтерді қымбат бағалы металдармен толтыру үшін тазартылған алтында сатып алу-сатудың жалпы шарттары туралы Шартқа қол қойылды, өйткені Қазақстан Республикасының «ҚР Ұлттық Банк туралы» Заңына сәйкес, Ұлттық Банк тазартылған алтынды сатып алу басымдығында мемлекеттің артықшылық құқығын іске асырады.

Аффинажный завод ТОО «Тау-Кен Алтын»ЖШС аффинаж зауыты, ҮИИД МБ бағдарламасы шеңберінде 2013 жылғы желтоқсанда Астана қаласында пайдалануға берілді.

Жобаны іске асырудың стратегиялық мақсаты, Мемлекет Басшысының, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының алтынвалюта қорын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік аффинаж зауытында құнды бағалы металдардан тұратын қазақстандық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі тапсырмасын орындау болып табылады.

2013 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев зауытқа, ол пайдалануға берілгеннен кейін келді.