«Тау-Кен Алтын» ЖШС: ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018

«Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты кәсіпорындағы қолданыстағы менеджмент жүйесінің ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 және ISO 45001:2018 халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін тағы да растады. ISO сертификаты басқару жүйесінің, ішкі және сыртқы бизнес-процестердің, көрсетілетін қызметтер мен өндірілетін өнімдердің осы саладағы ең жоғары стандарттарға сәйкес келетінін білдіреді.

«Тау-Кен Алтын» зауыты International Accreditation Forum (IAF)Аккредиттелген «CERT International» s.r.o. (Словакия) тарапынан сыртқы аудитінен сәтті өтті. Алынған сәйкестік сертификаттары халықаралық тізілімге енгізілген және әлемнің 60-тан астам елінде, соның ішінде АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, БАӘ және Жапонияда танылған.