Қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау бойынша жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі шараға «Тау-Кен Самұрық» АҚ ұжымы белсенді түрде қатысып, игі іске өз үлесін қосты. Таңертеңгі сағат 9-дан бастап олар Сауран және Орынбор көшелері аралығында созылып жатқан Керей мен Жәнібек хандары көшесі бойы мен орман алқабы аумақтарын тазалады.
Айта кетерлік жай, компания қызметкерлері шараға үлкен ықыластық танытып, ұжым толық құрамда келді. Шара ауыр физикалық еңбектен гөрі қызықты әрі көңілді тимбилдинг тәріздес болғандығын қызметкерлер де мойындады.
«Тау-Кен Самұрық» АҚ ұжымы сенбілікке қатысу шарасын – жалпы қала тұрғындары мен әрбір қазақстандықтың өз қаласына деген сүйіспеншілігі мен адами саналығының белгісі, қоршаған ортасын таза және де әсем күйінде сақтау жолындағы өзіндік талпынысы деп біледі, сонымен қатар, әрбір азаматты осындай шараларда белсенділік танытуға шақырады!