​«Тау-Кен Самұрық» АҚ геологтары кәсіби мерекемен әріптестерін құттықтады!

Биыл 3 сәуір күні тойланатын Геологтар
күні қарсаңында «Тау-Кен Самұрық» АҚ ұжымы елдің барлық геологтарына кәсіби
мерекемен құттықтайды.

Табиғи ресурстар мен пайдалы қазбаларға
бай біздің республика үшін геологтар экономиканың тұрақты дамуының бір құрамдас бөлігі болып табылады. Геолог кәсібін романтикаға, қиялға толы деп есептеу ұғымы
қалыптасқан. Бұл табиғаттың құпия әлеміне бой алғызып, әлі ешкімге белгісіз
нәрселерге қол жеткізіп, жаңалық ашу мүмкіндігі. Алайда, әлі күнге дейін көптеген
адамдар қаншама күндерін туыстарынан алыс, ауа-райының қолайсыз жағдайларында
өткізіп, дене күші мен жоғарғы кәсібилікті қажет ететін кәсіп екендігін біле
бермейді.

Аталған кәсіптің қиындықтарына
қарамастан, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Компаниясының геологтары Қазақстанның әр
бұрышындағы жаңа кен орындарын игеріп,
геологиялық барлау жұмыстарын тиімді жүзеге асырып, елдің геологиялық
саласын дамытуға өз үлестерін қосуда.

Мереке қарсаңында Компания басшылығы
мен ұжымы аталған саланың барлық қызметкерлеріне мықты денсаулық, сәтті
экспедициялар мен жаңа геологиялық жаңалықтар ашуды тілейді!

Айта кетерлік жәйт, Қазақстан геологтарының кәсіби мерекесі 2011жылы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген. Мереке жыл сайын сәуір айының
бірінші жексенбісінде тойланады.