«Тау-Кен Самұрық» АҚ III Спартакиадада үздік командалардың топ-6-ғына енді

Үшінші рет ұйымдастырылып отырған жыл сайынғы жарыс биыл спорттың 5 түрінен өткізілді, олар: шағын футбол, волейбол, армрестлинг, үстел теннисі және шахмат ойыны. Ең үздік атану үшін «Самұрық-Қазына» АҚ 19 еншілес компанияларынан 287 қызметкер сайысқа түсті.

Армрестлингтен өткен жарыстың қорытындысы бойынша «Тау-Кен Самұрық» АҚ қызметкерлері ең жоғарғы көрсеткіштерге жетіп, көшбасшы атанды. 80 келіге дейінгі салмақта «Тау-Кен Самұрық» АҚ қызметкері Алижан Мұратов жеңіске жетіп, алтын медалға ие болды. Ал одан ауыр – 80 келіден жоғары салмақта компанияның келесі қызметкері Еркін Әлімжанов күміс жүлденің иегері атанды. Жеңіс тұғырына көтерілген спортшыларды «Қазақстан Барысы – 2015» турнирінің қола жүлдегері, Астананың бас палуаны Ғани Сейділдаев құттықтап, медальдар мен құрмет грамоталарын табыстады.

Үстел теннисінде Ерлан Орынбаев жақсы көрсеткіштерге жетіп, 15 ойыншының ішінде 6-шы орынды иеленді. Осы ойын түрінің әйелдер арасында өткен жарысында Дария Спанбекова, ал шахматтан Бердібай Балтабаев жалпы командалық есепке айтарлықтай ұпайлар қосты.

Жарыс қорытындысы бойынша «Тау-Кен Самұрық» АҚ құрамасы III Спартакиадада жалпыкомандалық есепке сәйкес 6-шы орынды иеленді.

e045a43386c62171e3a4afd150c01d7f.JPG

Спартакиада-2015 кезінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, бокстан Олимпиада чемпионы, «Astana Arlans» клубының бас менеджері Серік Сәпиев, «Астана» ФК ойыншылары, «Astana Pro Team» велокомандасының өкілдері, «Қазақстан барысы» чемпионы Бейбіт Ыстыбаев, Паразия ойындарының күміс жүлдегері Ардақ Отарбаев, жас гроссмейстер Жансая Әбдімәліктер құрметті қонақ болды.

Бейнегалереяға сілтеме