«Тау-Кен Самұрық» АҚ Корпоративтік хатшы қызметі

Корпоративтік хатшы қызметі «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесінің 2009 жылғы 29 мамырдағы шешімімен құрылған, № 2/09 хаттама.

Корпоративтік хатшы қызметі Корпоративтік хатшыға тікелей бағынады және «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесіне есеп береді.

Корпоративтік хатшы қызметінің негізгі міндеттері:

  • Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің тиімді қызметін қамтамасыз ету;
  • Қоғамның органдары мен лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасының корпоративтік баксқару саласындағы заңнамаларды, Жарғыны, Корпоративтік басқару кодексін және Қоғамның өзге де ішкі, атап аййтқанда корпоративтік басқару құжаттарын сақтауды қамтамасыз етуіне Корпоративтік хашыға көмектесу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қоғамның Жарғысы және басқа да ішкі құжаттары талаптарына сәйкес, Жалғыз акционердің шешімдерін әзірлеу іс-шараларды жүзеге асыруына Корпоративтік хашыға көмектесу;
  • Қоғам туралы елеулі ақпараттарды сақтауды, ашуды және ұсынуды қамтамасыз ету, сондай-ақ өзінің құзыреті шегінде ақпарат мөлдірлігінің жоғарғы деңгейін қолдау;
  • Қоғам мен Жалғыз акционер арасындағы, сондай-ақ Қоғамның органдары арасындағы нақты және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуде Корпоративтік хашыға көмектесу;
  • Қоғамда корпоративтік басқару деңгейін көтеруге бағытталған іс-шараларды (құзыреті шегінде) жүзеге асыру.