​«ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ»АҚ ӨКІЛДЕРІ 82-ШІ АСА ІРІ «PROSPECTORS AND DEVELOPERS ASSOCIATION OF CANADA (PDAC) 2014» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Наурыздың 2 -5 аралығында «Тау-Кен Самұрық» АҚ өкілдері Торонто қаласында есеп бойынша 82-ші аса ірі «Prospectors and Developers Association of Canada (PDAC) 2014» халықаралық конференциясына қатысты. PDAC әлемдік тау-металлургия саласындағы маңызды оқиға болып табылады және жүздеген геологиялық барлау, өндіру және сервистік компаниялардың, әлемнің әртүрлі елінің инвестициялық ортасы өкілдерінің қатысу жағдайында өткізіледі.

Биылғы жылы, ұлттық тау-кен компаниясы, nvestorsExchange конференциясының секциясына өзінің жобаларын стенд арқылы көрсетті. Аталған секцияда жыл сайын әлемнің әр түкпірінен жүздеген инвестициялық жобалар ұсынылатынына қарамастан, Қазақстанның барлау және өндіру жобалары PDAC қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырды. «Тау-Кен Самұрық» АҚ алтын өндіру және сирек металдары жобалары стендті тамашалаушылардың ерекше назарын аударды.

Конференция кезінде компания Қазақстандағы жер қойнауын пайдалану жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша бірқатар ірі және орташа тау-металлургия компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді.

5 наурызда «Тау-Кен Самұрық» АҚ Бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Ә.Н. Аршабеков, PDAC орайластырылған CanadaEurasiaRussiaBusinessAssociation конференцияда (Ресей және Еуразиядағы канадалық іскери қауымдастық) ұлттық тау-кен компаниясы және оның даму болашағы бойынша баяндама жасады.

Канадаға жұмыс сапарының соңында, «Тау-Кен Самұрық» АҚ өкілдері, халықаралық нарыққа шығу мүмкіндігі мәселесін зерттеу мақсатында, Торонто Қаржы Биржасында болды.