«Тау-Кен Самұрық» АҚ «Солтүстік Қатпар» ЖШС-нің 100 % қатысу үлесіне ие болды

2015 жылы 19 маусымда «Тау-Кен Самұрық» АҚ пен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында «Солтүстік Қатпар» ЖШС жарғылық капиталына 100 % қатысу үлесін сатып алу мақсатында 7 770 000 000 (жеті миллиард жеті жүз жетпіс миллион) теңге сомаға Несиелік шарт жасалды. «Тау-Кен Самұрық» АҚ жалпы активтері құнындағы Мәміле сомасының пайыздық қатынасы 2,5% құрайды.

Анықтама үшін. «Солтүстік Қатпар» – Қарағанды облысында орналасқан вольфрам-молибден рудалы кен орны. С1+С2 санаты бойынша кен қоры 40 млн. тоннаны құрайды. Аталған кен орны 1973 жылдан бастап зерттеліп келеді. 1982 жылы алдын-ала геологиялық барлау жұмыстары аяқталды. 1987-1993 жж. кен орны аумағында түбегейлі іздеу жұмыстары жүргізілді.