«Тау-Кен Самұрық» ардагерлерді жеңіс күнімен құттықтайды!

Астана қ., 2017 жылғы 8 мамыр

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасының аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және Тыл еңбеккерлерін құттықтады.

ae0c97277927fc7b762f594840149ddf.JPG

Сол дүйсенбі күні компания қызметкерлері болашақ ұрпақтың бейбіт әрі ашық аспаны үшін қайсарлықтың үлгісін көрсеткен ардагерлермен – нағыз батырлармен кездесулер ұйымдастырды. Әрбір кездесу ұмытылмастай әсерлерге толы болды.

19c07715b477dfc3058c70831afc9972.JPG

Азық-түлік себетін ұсына отырып, бақытқа, шер мен үмітке толы жасаураған көздерді көріп, қызметкерлеріміз өз толқыныстарын баса алмады, көздеріне ждас алды.

«Олардың әрбір жанарынан олармен иық түйістіре бірге шайқасқан, сеніміне селкеу түсірмеген жандарды көргендей болдық», – дейді, Компания қызметкері Ерлан Садырбаев.

Жеңіс күні қарсаңында көптеген акциялар мен іс-шаралар өткізіледі. Ардагерлер өздерінің сырға толы тарихын еске түсіріп, өздерінің ғибраттарымен және тілектерімен бөліседі, батасын береді.

9c73ab270095896f44dfa59cd86bb6d3.JPG

«Балаларым, ең бастысы жер үстінде бейбітшілік болсын. Біздің басымыздан өткерген қиын-қыстау кезең сендердің бастарыңа түспесін деп Алладан сұраймын. Бізге жасап жатқан қамқорлықтарыңыз үшін рахмет, бақытты болыңыздар», – деп тілегін білдіреді Селбек Әкімбекұлы, ол маусымда 96 жасқа келеді.

c44648b512dec96b29e536d43c51134d.JPG

Мереке қараңында, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ ерлігі келер ұрпақтың жадында қалатын барлық Ардагерлерге шынайы алғысын білдіреді. Ұжым Сіздерге мықтын денсаулық, бақыт және амандық-саулық тілейді!

Фотоесеп