«Тау-Кен Самұрық» пен әзірбайжандық «AzerGold» өкілдері ынтымақтастық перспективаларын талқылады

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы мен әзірбайжандық «AzerGold» ынтымақтастық нұсқаларын қарастыруда. Екі компанияның өкілдері Астанадағы іскерлік кездесу барысында өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

«AzerGold» ЖАҚ делегациясы Әзірбайжан президенті Ильхам Алиевтің елімізге ресми сапары аясында Қазақстанға келді.

«AzerGold» Әзірбайжандағы түсті және қара металл кен орындарын барлаумен және игерумен, осы металдарды өңдеумен және сатумен айналысады және қазақстандық жобаларға инвестициялау мүмкіндіктеріне қызығушылық танытады.