Ивестор – Xiamen TungstenCo., Ltd. – вольфрамнан, молибденнен және жерде сирек кездесетін металдардан өнім өндіретін әлемнің ең үздік өндірушілерінің бірі, вольфрам кен орындарын игеруде үлкен тәжірибесі бар.
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ мен XiamenTungsten арасында жасалған келісімнің шарттарына сәйкес Жоғары Қайрақты және Солтүстік Қатпар кен орындарында (Қарағанды облысы) вольфрамды өндіру және байытумен қазақстан-қытай бірлексен кәсіпорны айналысады.
Солтүстік Қатпар және Жоғары Қайрақты кен орындарының базасында екі тау-кен байыту комбинаты (кәсіпорынның өндірістік қуаты тиісінше 2,6 және 6,0 млн тонна руданы құрайды) және терең қайта өңдейтін бірыңғай металлургиялық кешен салынады.
Өндірістік объектілер құрылысынң құны – шамамен 755миллион доллар. Операциялық қызметтің басталуы 2023 (Солтүстік Қатпар) және 2025 (Жоғары Қайрақты) жылдарға жоспарланған. Дайын өнім – паравольфрамат аммония, ал клешекте –вольфрам ұнтақтары мен вольфрам карбидтері. Сондай-ақ, молибден, висмут және мыс концентратын өндіру жоспарланып отыр.
Жобаны іске асыру бюджетке шамамен 1 млрд. доллар салықтық түсімдерді, жаңа инфрақұрылым объектілерін салуды және қолданыстағы объектілерді қайта жаңғыртуды қамтамасыз етеді, 2,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Бұдан басқа, сирек-метал кластердің дамуы және вольфрам өнеркәсібінің өркендеуі үшін жаңа перспективалар ашылады: Қазақстан сирек және жерде сирек кездесетін металлдарды байыту және қайта өңдеу саласындағы жаңа технолоияларға қол жеткізеді.
Жоғары Қайрақты және Солтүстік Қатпар кен орындары Қарағанды облысының Шет ауданында бір-бірінен 30 шақырымдық жерде орналасқан. Вольфрам қоры өткен жүз жылдықтың 70-ші жылдары ішінара барланған, бірақ, өнеркәсіптік қазу жұмыстары осы күнге дейін басталмаған. Негізгі себеп – Қазақстанда руданың ерекшеліктеріне сәйкес келетін байыту технологиялары жоқ.
2018 жылы «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы Жоғары Қайрақты және Солтүстік Қатпар кен орындарындағы қор туралы деректерді нақтылады (тиісінше, 1 млн 213 мың тонна және 90 мың тонна вольфрам). Топогеодезиялық, геофизикалық және зертханалық-талдамалық зерттеу жұмыстары отандық және шетелдік мамандарды тарта отырып, жүргізілді.
АНЫҚТАМА ҮШІН: Паравольфрамат аммония машина жасау, станок жасау, аспап жасау және т.б. салаларда қолданылатын аса берік, тозуға төзімді, қызуға берік материалдар алу үшін пайдаланылады. Паравольфрамат аммонияны екінші рет қолдану – эмаль және бояу өндірісі үшін вольфрам қышқылын алу, сондай-ақ, паравольфрамат аммония мен мұнай химия өнеркәсібіне арналған қоспалар ретінде қолданылатын вольфрамның басқа қосылыстарын өндіру.