«Tau-Ken Temir» кремний зауыты толық қуатына көшті

Пешті іске қосу рәсімі «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесінің төрағасы Қ.Бектеміров және «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы М.Тұрмағамбетовтың қатысуымен жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Тау-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбаларды пайдалану жөніндегі геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңестің 2013 жылғы желтоқсандағы отырысында, «Тау-Кен Самұрық» АҚ, сол сәтте жылдан астам уақыт тоқтап тұрған Қарағанды қаласындағы кремний өндірісін қалпына келтіру және іске қосу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, өндірістік қуатына техникалық аудит жүргізуге тапсырма берілген болатын.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мен техникалық аудит, сондай-ақ №1 пешке ішінара жөндеу жүргізілгеннен кейін, 2014 жылғы қазанда зауыт қайтадан іске қосылды. Сол жылы №2 пешті күрделі жөндеу басталды. Жөндеу жұмыстарын кәсіби тұрғыдан орындау үшін, пешті іске қосу және пайдалануға беру кезеңінде, шихтыларды құрғату, қыздыру және пештерді одан әрі пайдалану жұмыстары бойынша консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асырған, «SMS group GmbH» әлемдік белгісі бар жабдықтар өндіруші компаниясы тартылды.

Екінші пешті іске қосу нәтижесінде зауытты оңалту жөніндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының толық циклі аяқталды. Енді металлургиялық кремний өндіретін зауыт толық өндірістік қуатына шықты.

Зауытта болған кезінде «Тау-Кен Самұрық» АҚ басшылығы кәсіпорынның өндірістік процестерімен, жеткізілетін шикізаттың сапасымен, өнімдерді сақтау қоймаларының жай-күйімен танысты. Сондай-ақ, зауытта болу аясында жергілікті атқарушы органдармен жиналыстар өткізіліп, онда зауыттың инфрақұрылымы мен Ақтас кен орнына қатысты мәселелер талқыланды.

Анықтамалық «Tau-Ken Temir» ЖШС «Тау-Кен Самұрық» АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 25 мың тонна металлургиялық кремнийді құрайды. Шикізат ретінде Ақтас кен орнының кварцы пайдаланылады. Зауытта «екілік» және «үштік» сияқты жоғары сапалы кремний өнідіріледі. Өнім алыс және таяу шетелдерге, атап айтқанда АҚШ-қа, Ресейге, Германияға, Данияға, Нидерландыға, Норвегияға және басқа да елдерге экспортталады.

2014 жылдың қазаны мен 2015 жылдың қыркүйегі аралығында зауытта 7000 тоннаға жуық металлургиялық кремний өндірілді.

 

Бейнегалереяға сілтеме