«Taý-Ken Samuryq» Жапония инвесторларын ынтымақтастыққа шақырады.

Қазақстан апталығы барысында «CAVEХ II» виртуалды көрмесінде Ұлттық тау-кен компаниясы өзінің инвестициялық жобаларымен таныстырды. Инвестициялық департаменттің директоры Данияр Мырзахметов «Taý-Ken Samuryq» компаниясы қызметінің жоспарлары мен ағымдағы бағыттары туралы айтып берді. Тау-кен металлургия саласындағы Қазақстан-Жапония ынтымақтастығының даму перспективалары зор.

«CAVEХ II» көрмесін Жапониядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен Ресеймен және жаңа тәуелсіз мемлекеттермен сауда жөніндегі жапон қауымдастығы (РОТОБО) ұйымдастырды және ол 2022 жылғы 4 наурызға дейін жалғасады.