Жұмыс сапары

«Taỳ-Ken Samuryq» АҚ Басқармаcының төрағасы сапар аясында Қарағанды және Қарағанды облысындағы нысандарға толығырақ атап өткенде салынып жатқан Алайғыр КБК мен «Tau – Ken Temir» металлургиялық кремний өндіру зауытына барды. Қанат Құдайберген Алайғырдағы байыту фабрикасы ғимаратын, флотоконцентраттың сақтау қоймасын, өндірістік-әкімшілік нысандарын салу жөніндегі жұмыстардың барысымен танысып, барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде орындаудың маңыздылығын атап өтті. Кен орнының ресурстық базасын кеңейту және тиісті геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.Кремний зауытының басшылығымен және жетекші мамандарымен «Taỳ-Ken Samuryq» Басқарма Төрағасы зауытты одан әрі дамыту, оның ішінде микросиликаларды қайта өңдеудің инновациялық технологияларын қолдану (соңғы өнімнің технологиялық сапасын жақсарту үшін бетон өндірісінде қолданылады) мәселелерін талқылай отырып, жұмыс кеңесін өткізді.