Нұр-Сұлтан қаласындағы аффинаж өндірісі

Өнім

Тазартылған алтын мен күміс

Инфрақұрылым және ауданның қысқаша сипаттамасы

Зауыт Астана қаласындағы «Астана – Жаңа қала» АЭА аумағында орналасқан.

Объектінің қысқаша сипаттамасы

Құрамында алтын бар шикізатты кешенді терең өңдеу.  Жобалық қуаты – жыл сайын 25 тонна аффинирленген алтын және 50 тонна аффинирленген күміс.

Жоба қымбат металдарды аффинаждау саласындағы үздік әлемдік аналогтарға сәйкес әзірленген. Аффинаждау технологиясын таңдау кезінде негізгі өлшемшарттардың бірі пайдаланылатын процестердің экологиялылығы болды. Технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықпен бірге бағалы металдарды электрохимиялық аффинаждау технологиясы абсолютті экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда зауыт халықаралық нарықта айналымға жіберілетін банк құймалары (стандартты және 50 грамнан басталатын өлшемді) және түйіршіктер түрінде тазартылған қымбат металдарды өндіреді.

Ағымдағы мәртебесі

Аффинаж зауыты 2013 жылдың 19 желтоқсанында пайдалануға берілді.

Алтынның алғашқы партиясы ҚР Ұлттық банкінің адресіне 2014 жылдың сәуір айында жөнелтілді. 2014-2021 жылдар аралығында 182,9 тонна тазартылған алтын және 48,2 тонна тазартылған күміс өндірілді.

2019 жылдың қараша айында зауыт алтын бойынша жобалық қуатқа шықты.

Сол жылы Тау-Кен Алтын лондондық қымбат металдар нарығы қауымдастығының (London Bullion Market Association – LBMA) тізіміне енгізілді, кәсіпорынға аффинирленген алтынның сенімді жеткізушісі (Good Delivery) мәртебесі берілді.

2021 жылы кәсіпорын проактивті мониторингтен өту шеңберінде орындауға талап етілетін барлық іс-шараларды сәтті орындады және LBMA-дан «GOLD» сертификатын алып, шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын тағы бір мәрте растады.

2022 жылдың басынан аффинаж зауытында Диспетчер ААЖ бағдарламалық қамтылым базасында бағалы металдарды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

2022 жылға арналған өндірістік бағдарламада 50 тонна аффинирленген алтын өндіру қарастырылған.

Қосымша ақпарат және ескертпелер

Жобаны «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Тау-Кен Алтын» ЖШС басқарады.