Қарағанды облысындағы металлургиялық кремний өндірісі

Өнім

Металлургиялық кремний

Инфрақұрылым және ауданның қысқаша сипаттамасы

Металлургиялық кремний өндіру зауыты Қарағанды облысының Октябрь ауданында орналасқан, «Сарыарқа» АЭА-ның қатысушысы. Зауыттың географиялық орналасуы шикізат пен дайын өнімнің логистикасын қамтамасыз ету бөлігінде оны бәсекеге қабілетті етеді, жақын маңда А-17 Қызылорда – Павлодар ұлттық маңызы бар трассасы болғандықтан автомобиль және теміржол тасымалдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зауыттың аумағында технологиялық жолдар, меншікті темір жол тұйығы, жүктерді қабылдауға арналған бетондалған алаңдар, шикізат пен дайын өнімді сақтауға арналған жабық және ашық қойма үй-жайлары бар.

Жобаның қысқаша сипаттамасы

«Tau-Ken Temir» ЖШС жылына көлемі 23 000 тонна техникалық кремний өндіреді. Зауыттың өндірістік кешені әрқайсысының қуаты 30 МВА екі кен термиялық пештен, сондай-ақ батырылатын доғалы электр пештерін өндіру нарығындағы көшбасшылардың бірі – неміс өндірушісі SMS SIEMAG бірегей жабдығынан тұрады. Кәсіпорынның шикізат базасы «Silicon mining» ЖШС-ға тиесілі – «Ақтас» кварц кен орны. Кен орны Қарағанды облысының Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 130 км жерде орналасқан. Бұл кен орнының кварцы жоғары тазалығымен ерекшеленетіндіктен, оны жоғары маркалы техникалық кремнийді балқыту үшін ең тиімді шикізат етеді. Кен орнындағы кварцтың жалпы қоры 4 млн тоннадан асады, бұл ретте жыл сайынғы өндіру көлемі 72 мың тонна талшықты кварцты құрайды.

Ағымдағы мәртебесі

Үкіметтің «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Tau-Ken Temir кремний зауыты және Ақтас кен орны бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын объектілер тізбесіне енгізілді.

Қосымша ақпарат және ескертпелер

Металлургиялық кремний өндіру зауытын «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Tau-Ken Temir» ЖШС басқарады. Ал Ақтас кен орнының иесі – «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Silicon mining» ЖШС.