​Алматыда «Инвестор күні» өтті

Алматы қ., 2017 жылғы 28 сәуір

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ, жекешелендіру және әлеуетті инвесторлардың картасын кеңейту аясында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұйымдастырған Инвестор күні – халықаралық іс-шарға қатысты.

e98ae32b8708fd6fa9ecd650f9cc6349.JPG

Республика Үкіметі мен тікелей Мемлекет Басшысы сызып берген, тау-металлургия саласы секторы бойынша қойылған міндеттерді орындау саласында, негізгі векторды іске асыруға және ретке келтіруге «Тау-Кен Самұрық» компаниясы тікелей қатысқанын атып өтуге болады.

Трансформация процесі тұрғысынан, шетел инвесторларын тартуда маңызды фактор болып табылатын, экономикалық ортада қолайлы бәсекелестікті құруға тырысатын Қордың маңызын атап өту керек.

Инвестор күнінде Қор Басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев активтерді бәәсекелестік ортаға берудің маңыздылығын атап өтті:

«Үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес жекешелендірілетін ақтивтердің үштен екісін жергілікті инвесторларға және бірлескен кәсіпорындарға, ал үштен бірін шетел инвесторларына беруді жоспарлап отырмыз. Қор мен портфелдік компаниялар басшылары Алматыда жекешелендірілетіндер тізімінен әлеуетті инвесторларды тартуға неғырлыым даййын, өзінің қызметі саласы бойынша бірегей ірі және орташа компанияларды инвестициялық қауымдастық назарына ұсынатын болады

Сондай-ақ, инвесторлармен кездесуде өз тұсаукесерелерін көпшілікке Қордың мынадай портфелді компаниялары ұсынды, олар: «КазМунайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго»АҚ және бағдарлама шеңберінде активтерін сатуды тікелей жоспарлап отырған компаниялар. Мұндай компаниялардың саны шамамен 600-ге жуық екенін атап өту қажет.

06e5e03aa0718445f62715e2c79762ae.JPG

Толықтай алғанда, аталған іс-шаралардың шетедік және отандық инвесторларды тартуға жәрдемдесетін, коммуникацияның пәрменді және тиімді жүйесін нақтылай түсетін алаң ретінде үлкен әлеуеті барлығын көрсетеді.