Алматыда «MiningClub» бірінші отырысы өтті, оған юниорлық, сервистік және ірі тау-кен өндіруші компаниялардың, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, қаржы институттарының өкілдері, заңгерлер мен салалық сарапшылар шақырылды. Іс-шараның мақсаты – юниорлық компаниялардың геологиялық барлаудағы өз әлеуетін ашуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және түпкі нәтижеде, инвестициялардың ағынын арттыруға көмектесу.

Спикерлер өз баяндамаларында 2018 жылы күшіне енген Жер қойнауы туралы кодекс салаға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашқанын атап өтті. Сонымен қатар, геологиялық барлау жобаларын қаржыландырудың барлық қол жетімді тетіктері толық көлемде пайдаланылмайды.

Юниорлық компаниялар кездесуде қаржыландыруды қалай және қайдан іздеу, жобаларды іске асыру кезінде қандай заңды және ұйымдастырушылық аспектілерге ерекше назар аудару жөнінде нақты ұсыныстар алды. Атап айтқанда, «Taý-Ken Samuryq» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Қанат Құдайберген жаңа юниорларды қолдау бағдарламасына қалай қатысу мүмкіндігі туралы айтты, НallerLomax серіктесі Тимур Одилов ҚПҚ барлау мен өндіруге лицензия алу процесінің заңды қыр-сырымен бөлісті, ал Басқарушы директор, KASE Басқармасының мүшесі Қайрат Тұрмағамбетов биржаның қаржылық мүмкіндіктері мен құралдарын пайдалана отырып, қосымша қаржыландыру алу жолдары туралы айтып, шағын компаниялар үшін зәкірлік инвесторды тартудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – HallerLomax заң фирмасы, AuroraMineralsGroup геологиялық барлау компаниясы және «Taý-Ken Samuryq» ұлттық тау-кен компаниясы және LincolnCompany осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.