AMM-2025: Қазақстанның ТМК трансформациясының басты трендтері

2025 жылдың 4-5 маусымы аралығында Астанада 15-ші Халықаралық Тау-кен металлургия Astana Mining & Metallurgy конгресі өтті. Әлемнің 20 елінен келген 1300 делегат саланы дамытудың негізгі векторларын, орнықты дамудың жаңа тәсілдерін, жеткізілімдерді әртараптандыру саясатын және инвестициялар тарту мәселелерін талқылады.

 

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы іскерлік бағдарламаға белсенді қатысты. Компанияның Басқарма төрағасы Нариман Абсаметов канадалық бизнес-форумның  қатысушыларына сөйлеген құттықтау сөзінде Қазақстан мен Канаданың минералды ресурстары бар елдер ретіндегі ұқсастығын атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Данияр Ыдырысов Канада, Ұлыбритания және Жапония компанияларының өкілдерімен халықаралық серіктестермен технологиялық және инвестициялық өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттарын жұмыс кездесулері барысында талқылады.

 

Алтын өндірушілердің форумы: дамытуға фокус

АММ 2025-тің екінші күнінде VI Қазақстанның алтын өндірушілерінің форумы өтті. Форум өкілдерінің алдында сөз сөйлеген Басқарма төрағасы Абсаметов Нариман компанияның: қосылған құнды өсіру арқылы минералды шикізат базасын кеңейту, геологиялық барлауды дамыту мен саланың экспорттық әлеуетін нығайту сияқты стратегиялық басымдықтарын атап өтті.

Қазақстан зергерлерінің конгресі аясында еншілес компания «Тау-Кен Алтын» ЖШС мен ЕАЭО зергерлер қауымдастығы зергерлік саланы дамытуға бағытталған бірлескен әрекет туралы  келісім жасасты.

 

 

AMM-2025 аясында әріптестеріміз кәсіптік жетістіктері мен іске деген адалдығы үшін ведомстволық наградалармен марапатталды. Айша Сыдыкова, «Тау-Кен Алтын» ЖШС-ның орталық зауыт зертханасының инженер-химигі «Еңбек Ардагері» медалімен марапатталды. Темірхан Шалабаев, аффинаж зауытының балқытушысы ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісіне ие болды.