«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Тау-Кен Самұрық») «Tau-Ken Temir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Silicon mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «Активтер») жарғылық капиталындағы 51% бастап 100% дейінгі қатысу үлестерін өткізу бойынша ашық екі кезеңдік конкурстың (бұдан әрі – Конкурс) аяқталғаны туралы хабарлайды.
Конкурстық ұсыныстарды бағалау өлшемшарттары Активтер үшін ұсынылатын баға болды.
Конкурстық ұсынысында бөліп төлеу немесе бөліктеп (траншпен) төлеу шарттарын ескере отырып, Активтерді сатып алудың неғұрлым жоғары бағасы ұсынылған қатысушы Конкурс жеңімпазы деп танылды.
Конкурстық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша құрамында «METALEEN INVESTMENTS HOLDINGS» LLC және «TSP ALUMINIUM ANYSTERY COMPANY» бар Консорциум (бұдан әрі – Жеңімпаз) конкурс жеңімпазы болып танылды.
Конкурс аясында әлеуетті қатысушылардан бес ұсыныс алынды:
| Конкурсқа қатысушы | Сатып алуға ұсынылатын үлестің мөлшері | Ұсынылған баға (тг) | 100% бағасы (тг) |
| Құрамында «METALEEN INVESTMENTS HOLDINGS» LLC және «TSP ALUMINIUM ANACING COMPANY» компаниялары бар консорциум | 55% | 4 906 880 000 | 8 921 600 000 |
| 2-қатысушы | 100% | 8 500 000 000 | 8 500 000 000 |
| 3-қатысушы | 100% | 5 170 000 000 | 5 170 000 000 |
| 4-қатысушы | 100% | 5 010 000 000 | 5 010 000 000 |
| 5-қатысушы | 51% | 2 538 305 861 | 4 977 070 316 |
Конкурстың инвестициялық міндеттемелері шеңберінде Жеңімпаз (Конкурстық құжаттаманың № С1 қосымшасына және № С2 қосымшасына сәйкес), оның ішінде:
- Активтер қызметінің бейінін Шарт жасалған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл бойы сақтауды қамтамасыз етуге;
- өндірісті 2 (екі) жыл ішінде қайта іске қосуға (Тау-Кен Самұрықтың қатысуынсыз);
- Активтердің Тау-Кен Самұрық алдындағы борыштарын өтеуге (нақты сома сатып алу-сату шартын жасасқан күні айқындалатын болады, 2024 жылғы 26 сәуірдегі жағдай бойынша Активтердің топішілік берешегі 4 132 мың теңге);
- пут-опционды орындауға міндеттенеді. Тау-Кен Самұрық активтерінің жарғылық капиталындағы 55 % қатысу үлесін сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап 5 жылдан аспайтын мерзімде Жеңімпаздан тараптар айқындаған мөлшерде кірістілікке индекстеуді қолдана отырып, Активтердің жарғылық капиталындағы 1% қатысу үлесінің есептелетін сатып алу бағасынан кем емес баға бойынша Активтердің жарғылық капиталындағы қалған 45% қатысу үлесін сатып алуды талап етуге құқығы бар, ал Жеңімпаз Тау-кен Самұрықтан аталған үлесті Тау-Кен Самұрықты сатып алу туралы тиісті талап жіберілген күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімде немесе Тараптар келіскен өзге мерзімде сатып алуға міндетті болады.