Тәжірибеден өту және түлектерді жұмысқа орналастыру, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру.
«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы Қарағандының жетекші оқу орындарымен ынтымақтаса жұмыс істейтін болады.
Жұмысшы кәсіптер жылы аясында және адами капиталды дамыту мақсатында «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы А. Сағынов атындағы ҚарТУ-мен, университет жанындағы Инновациялық технологиялар колледжімен, сондай-ақ Қарағанды жоғары политехникалық колледжімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Қажетті мамандарды даярлау, білім алмасу, студенттер мен оқытушылар үшін тәжірибе алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру бағытындағы әріптестікті дамыту жөнінде келісімге қол жеткізілді. Алдағы уақытта «Тау-Кен Самұрық» тобы жұмыскерлері үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылуда.
Сапар аясында компания өкілдері зертханаларды, оқу полигондарын және құзырет орталықтарын аралап, Қарағанды оқу орындарының қазіргі салалық талаптарға сай мамандар даярлаудағы жоғары әлеуетіне көз жеткізді.
«Тау-Кен Самұрық» компаниясының өндірістік нысандарында тәжірибеден өту мүмкіндігін ұсынуға дайынбыз, сондай-ақ оқу бағдарламаларын жетілдіруге атсалысуға әзірміз. Кадрлық әлеуетті қалыптастыру — компаниямыз үшін стратегиялық міндет», — деді «Тау-Кен Самұрық» АҚ Бизнесті әкімшілендіру жөніндегі бас директоры Рахматулла Аблазимов.
«Тау-Кен Самұрық» пен бейінді оқу орындарының арасындағы ынтымақтастықтың басты мақсаты — білім мен нақты өндірістің интеграциясын қамтамасыз ету және болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.