Дамудағы инвестициялар

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы жаңа Даму стратегиясының шеңберінде Қарағанды облысындағы металлургиялық кремний өндірісі бойынша жобаны іске асыруға ірі инвесторды тартуда. «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқармасының Төрағасы Қанат Құдайберген Nasdaq Dubai MarketSite алаңында Yilmaden Holding A.Ş трансұлттық компаниясының басшылығымен келіссөз жүргізді, онда Мәміленің негізгі шарттары туралы келісімге (Term Sheet) қол қойылды. Жобада шетелдік инвестордың қатысуы қазақстан компаниясына металлургиялық кремний өндірісі жөніндегі зауыттың («Tau-Ken Temir» ЖШС) қуатын ұлғайтуға мүмкіндік береді және жаңа жұмыс орындарын құрайды. Yilmaden Holding A.Ş қомпаниясымен шарт шамамен 2019 жылдың екінші жартысында жасалады.
Yilmaden Holding A.Ş – әлемнің төрт құрлығындағы 50 елдің тау-кен, химия, электр-энергетикасы, сондай-ақ көлік саласында жұмыс істейтін ірі түрік холдингі.
Қазақстанда Yilmaden Holding A.Ş 2013 жылдан бастап жұмыс істейді, компания Ақтөбе облысындағы хром концентраты өндірісіне қатысады. Yilmaden Holding A.Ş басшылығының айтуынша холдингтің Қазақстанға $1 миллиардтан астам инвестиция жұмсауға ниеті бар.

41db85aadc87a18f2f8e1108b0e311da.jpeg