Гендерлік теңдік

Самұрық-Қазына – Қор тобы компанияларының директорлар кеңесіне, бақылаушы кеңесіне және атқарушы органдарына кіруге қабілетті әйел басшылардың пулын қалыптастырды. 2030 жылға қарай басқару органдарындағы 30%-ды әйелдер құрайтын болады.
Жарты жыл бойында 71 әйел басшылар Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен «Самұрық-Қазына» АҚ іске асырған «Гендерлік теңдік» бағдарламасы бойынша модульдік оқытудан өтті. Бағдарламаның қорытындысы бойынша «Тау-Кен Самұрық» өкілдерінің 6-ы өздерінің басқарушылық құзыретін нығайтып, жаңа білім мен дағдыларды меңгерді.

Бүгін әйел басшыларды оқытудың модульдік бағдарламасының бірінші түлектерін марапаттау салтанатында Қор басшысы Нұрлан Жақыпов өз сөзінде «Бұл квазимемлекеттік сектор компанияларын басқарудағы амалдарды жетілдіру кезеңдерінің бірі және компанияның ұзақ мерзімді тұрақтылығы мәселесінде аса маңызды мәселелердің бірі», – деп атап өтті.

Жалпы гендерлік теңдікті қамтамасыз етудегі проблема, БҰҰ-ның орнықты дамуының мақсаттарының бірі ретінде біздің ел үшін өзекті: ресми статистиканың деректері бойынша қазақстандықтардың гендерлік теңсіздігінің индексі 0,44-ке тең (0 – толық теңдік, 1 – абсолютті теңсіздік).