​ғылыми-техникалық кеңестің құрамы бекітілді

2012 жылғы 7 мамырда, «Тау-КенСамұрық» АҚ ғылыми инновациялық қызметі және перспективалық ғылыми-техникалық жобалар саласындағы жұмысын жандандыру мақсатында Ғылыми-техникалық кеңестің құрамы бекітілді. Оның құрамына Қазақстан-Британ университеті, «Жер, металлургия және байыту туралы ғылыми орталық» акционерлік қоғамы, «Минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» РМК, «Қазгипроцветмет» ЖШС сияқты, Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу және жобалық ұйымдарын ұсынатын ғалымдар енді.