Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарындағы Fortescue Metals Group Ltd геологиялық барлау жобасы

«Қазақстан Фортескью» ЖШС (бұдан әрі – Фортескью) – Fortescue Metals Group Ltd. (бұдан әрі – Fortescue, ASX: FMG) жария компаниясының еншілес компаниясы. Fortescue – жоғары өндірістік мәдениет пен инновацияны қамтамасыз етуге бағытталған темір кені өнеркәсібінің әлемдік көшбасшысы. Компания Батыс Австралияның Пилбар қаласында әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымды дамытқаны және тау-кен активтерін сатқаны үшін салада танылды.

Геологиялық барлау, кенді қайта өңдеу және зауыттарды жобалау саласындағы инновациялар – Fortescue стратегиясының кеніштен түпкілікті тұтынушыға дейін өнімді жеткізудің оңтайлы және тиімді тізбегін құру жөніндегі негізгі құрамдас бөлігі. Компания Австралия мен Оңтүстік Америкада, соның ішінде Эквадорда, Колумбияда және Аргентинада геологиялық барлау мен кен орындарын игеру мүмкіндіктерін қарастыруда.

Fortescue процесстің барлық қатысушыларымен өзінің қарым-қатынасын бағалайды, басқаруда конструктивті тәсілді қолданады және жергілікті тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады, аймақтық қауымдастықтардың дамуына ықпал етеді және қоршаған ортаны қорғайды.

Taý-Ken Samuryq пен Фортескью арасындағы ынтымақтастық 2020 жылы төрт облыстың аумағында 48-ші лицензия консорциумы шеңберінде геологиялық барлау жұмыстарын жүзеге асыру үшін басталды.

Ірі ауқымды аэрогеофизикалық түсірілім мен бұрғылау жүргізуді қоса алғанда 2021 жылы Қарағанды, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында жалпы ауданы 13,1 мың км2-де ауқымды іздестіру жұмыстары жалғастырылды.

Фортескьюмен ынтымақтастық Қарағанды, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының ауылдық округтерінің дамуына маңызды үлес қосады, жоба бойынша жалдау төлемдері аудандық әкімдіктерге тікелей төленеді. Жобаға қазақстандық жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілер тартылуда. Фортескью Қазақстанда геолог мамандығын дамытуға ықпал етеді, осылайша ол Қ. Сәтпаев атындағы университеттің студенттері үшін тағылымдама бағдарламасын іске асырды.

Қазіргі уақытта Фортескью геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.